Жаңалықтар

Atasu Trans "Қазақ тілі" халықаралық қоғамымен бірлесіп Абай шығармаларының қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жинағын шығарды

Atasu Trans компаниясының негізін қалаушы - Марат Жұман:  "Біздің компания 30-дан астам елде жұмыс істейді. Әлемдік қоғамдастықты Ұлы Абайдың мұрасымен таныстыру, сол арқылы еліміздің мәдениетін насихаттауға үлес қосу біз үшін үлкен мәртебе".

Академиялық жинақты "Қазақ тілі" халықаралық қоғамы дайындады, ал Atasu Trans баспа мен таратуды қаржыландырды.
Бүгінде кітап Алматы және елордалық "Меломан" дүкендерінде сатылады.