Қарапайымнан күрделіге дейінгі тасымалдау
Біз ең қарапайымынан бастап ең күрделісіне дейін жеке тасымалдау шешімдерін ұсынамыз.
Біз Азия мен Еуропаны логистикалық жүйе арқылы байланыстырамыз.
Atasu Trans компаниялар тобының тарихы 1998 жылдан басталады. Құрылған кезде штатта тек бір ғана қызметкер – негізін қалаушы Жұман Марат болды. Оның жігерлілігі, мақсатқа талпынушылығы және іскерлік қабілетінің арқасында компания нөлден бастап жүздеген миллион АҚШ долларын құрайтын айналымы бар және 2500-ден астам қызметкері бар ірі кәсіпорынға айналды.
Бүгінгі таңда Atasu Trans – өзіне тиесілі теміржол вагондары мен жүк көліктері паркін басқаратын және пайдаланатын ірі көлік-логистикалық операторы. Компания үш логистикалық терминалға иелік етеді:
Бурундай станциясы (Алматы қаласының шетінде)
Жетісу станциясы (Алматы қаласының шетінде)
Достық станциясы (Қазақстан-Қытай шекарасында)
Сіз бізге сұраныс жібересіз (сайт, email, WhatsApp, телефон).
Маман қажетті ақпаратты нақтылау үшін сізбен байланысады.
Жүгіңізді тасымалдау үшін оңтайлы маршрутты таңдап, құнын есептейміз.
Келісімшартқа отырып, жеке менеджер тағайындаймыз.
Біз берік және сенімді серіктестік қарым-қатынастарды құруға ұмтыламыз.