Atasu Trans компаниялар тобының тарихы 1998 жылдан басталады. Құрылған кезде штатта тек бір ғана қызметкер – негізін қалаушы Жұман Марат болды. Оның жігерлілігі, мақсатқа талпынушылығы және іскерлік қабілетінің арқасында компания нөлден бастап жүздеген миллион АҚШ долларын құрайтын айналымы бар және 2500-ден астам қызметкері бар ірі кәсіпорынға айналды.
Бүгінгі таңда Atasu Trans – өзіне тиесілі теміржол вагондары мен жүк көліктері паркін басқаратын және пайдаланатын ірі көлік-логистикалық операторы. Компания үш логистикалық терминалға иелік етеді:
Бурундай станциясы (Алматы қаласының шетінде)
Жетісу станциясы (Алматы қаласының шетінде)
Достық станциясы (Қазақстан-Қытай шекарасында)
Бұл терминалдарда жабық қоймалар, ашық алаңдар, уақытша сақтау қоймалары (УСҚ) және кеден қоймалары қарастырылған. Барлық нысандар заманауи техникамен жабдықталған, бұл жүктердің тиімді есебін жүргізуге, бақылауға және тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Atasu Trans кеден брокері қызметтерін және локомотивтік тартқыш қызметтерін ұсынып, логистикалық операциялардың толық циклын қамтамасыз етеді.
Компания халықаралық деңгейде белсенді дамуда:
Қытайдың Циндао, Үрімші қалаларында, сондай-ақ Өзбекстанның Ташкент және БАӘ-нің Дубай қалаларында кеңселер ашылды.
Дүниежүзі бойынша серіктестермен сенімді іскерлік байланыстар орнатылған.
Atasu Trans – логистикадағы сенімді серіктес!
Біз сіздің жүгіңіздің сақталуын, уақтылы жеткізілуін және кедергісіз тасымалдануын кепілдендіреміз.
Біздің мақсатымыз

Қазақстандағы EY «Жыл кәсіпкері – 2018» байқауының жеңімпазы, 2019 жылы Монакода өткен EY World Entrepreneur Of The Year халықаралық байқауының қатысушысы.

Марат Жакупов
Компания президенті
Жаслан Хамзин
Логистика жөніндегі вице-президент